Қазақстанның Орта Азия елдерімен тауар айналымы 5 жылдың ішінде 22 млрд долларға дейін ұлғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Орта Азия елдерімен тауар айналымы 5 жылдың ішінде 22 млрд долларға дейін ұлғайды

20.06.2016
Қазақстанның Орта Азия елдерімен тауар айналымы 5 жылдың ішінде 22 млрд долларға дейін ұлғайды

 

Астанада Орта Азияның талдау орталықтарын дамыту форумы өтіп жатыр. Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның Орта Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (ОАӨЭЫ) елдерімен тауар айналымы артқанын атап өтіп, еліміздің бұл бағыттағы міндеттерін айқындады.

 

«ОАӨЭЫ өңірі жылдам дамып жатқан Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан. Қазақстан бағдарламаға құрылған күннен бастап белсенді түрде қатысып келеді. Өздеріңізге белгілі, бұл елдер көлік инфрақұрылымын жақсарту және өңірдегі сауда жүргізу шығынын қысқарту мақсатында бірлескен жұмыстарды қызу жүргізіп жатыр», - деді Т.Жақсылықов.

 

Оның айтуынша, 2001-2015 жылдары Қазақстанда 6 жоба іске қосылды, тағы 23 жоба энергетика, көлік және көлік саласы сияқты басымдықты секторларда жүзеге асырырылып жатыр. Сондай-ақ  вице-министр Қазақстанның географиялық орналасуын есепке ала отырып, еліміз өңірлік ынтымақтастықты дамытуда және экспорттық-логистикалық дәліз құруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. 

 

«Қазақстанның Орта Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық елдерімен тауар айналымының көлемі 2010 жылдан 2015 жылға дейін 17,5 млрд доллардан 22 млрд долларға ұлғайды, өңірдегі Қазақстанның негізгі сауда серіктесі Қытай болып отыр. ОАӨЭЫ елдерімен тауар айналымының 77%-дан астамы осы елдің үлесінде. Әрине, дағдарыс басталғалы тауар айналымының даму қарқыны едәуір баяулады. Осы күрделі жаһандық экономикалық жағдайда ОАӨЭЫ елдері ынтымақтастық пен интеграцияны күшейтуі керек», - деп толықтырды спикер.

«www.bnews.kz»

 

Хабарламаларға жазылу