Сарыағашта шегірткемен күрес қызу жүруде. Облыс əкімінің тапсырмасына сай егіс алқаптары мен далалы аймақтарда зиянкестерден жаппай жою жұмыстары басталып кетті деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жалпы Сарыағаш ауданда зерттелген жер аумағы 14,4 га болса, шегірткенің таралған жер аумағы 10,9 га, зиянды шегінен асқан аумағы 7,6 га. құрап отыр.
Оның ішінде қазіргі уақытқа дейін 2,7 га өңделді. 1,5 га микрон және тракторлармен, 1,2 га ұшақпен дəріленді. Мамандар химиялық улы АХИЛЕС дәрісін пайдалануда. Өңдеу жұмыстарына 1-ұшақ, 2-дельтоплан, 4-УАЗ автокөліктері, 2-трактор, 1- пушка аппараты қондырылған ГАЗ-66 автокөлігі жұмылдырылған.