Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кəрім Мəсімов Түркия Республикасының Премьер-Министрі Бинали Йылдырыммен телефон арқылы əңгімелесті.
Кəрім Мəсімов түрік əріптесін Үкімет басшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жұмыста табыстар тіледі. Əңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың ағымдағы жағдайы мен оны дамыту перспективаларын талқылады.
ҚазАқпарат