Қазгидромет: 31 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: 31 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

31.05.2016
Қазгидромет: 31 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

31 мамырда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, орталықта және шығыста бұршақ болуы ықтимал. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі, бұршақ болуы ықтимал.

Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, күндіз  Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с-ге күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Қарағанды, облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, бұршақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Хабарламаларға жазылу