Еуро-2016 чемпионаты кезінде Эйфель мұнарасы қатысушы командалардың түсімен жарықтандырылатын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016 чемпионаты кезінде Эйфель мұнарасы қатысушы командалардың түсімен жарықтандырылатын болады

31.05.2016
Еуро-2016 чемпионаты кезінде Эйфель мұнарасы қатысушы командалардың түсімен жарықтандырылатын болады

Франциядағы Еуро-2016 футбол чемпионаты кезінде Эйфель мұнарасы қатысушы командалардың түсімен жарықтандырылатын болады. Бұл туралы Париж мэриясы мен осы акцияның демеушісі Orange ұялы байланыс операторы хабарлады.

Мұнараның негізгі жарықтандырылуы чемпионаттың алғашқы күнінен финалдық матч аяқталғанша әр кеш сайын  сағат 22:55-те басталады. Көрермендер оны 15 минуттай тамашалай алады.

Мұнара арқылы арнайы таныстырылымға ие болған командалар Twitter, Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде осы акция үшін ашылған парақшалардағы қолдау-комменттер арқылы анықталады.

Сондай-ақ, Эйфель мұнарасының бірінші және екінші қабаттарының арасына үлкен шар қойылады. Онда командаларды қолдауға бағытталған көрермендердің сөздері жазылып, өтіп жатқан матчтардың тартымды сәттері мен бір күнге қысқаша шолу көрсетіледі.

Әр матч соңында Orange компаниясының өкілдері әлеуметтік желілерде қызықты жазба жариялаған футбол жанкүйерлерінің бірін марапаттайтын болады.  Жеңімпаздың суреті Эйфель мұнарасынан көрсетіледі. 

Хабарламаларға жазылу