Алматыны алақандай етіп көрсететін демалыс орны биыл жаңа кейіпке енді. Көктөбе саябағы Алматының бірден-бір нышаны. Ол Іле Алатауының бөктерінде теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте орналасқан. Көктөбенің баурайынан 372 метрлік телемұнара көз тартады.
Көктөбе – Алматы қаласына панорамалық шолу жасайтын орын саналады.