ЕАЭО-ның біріктірілген нарығы Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстырушы буынға айналуы тиіс - Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО-ның біріктірілген нарығы Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстырушы буынға айналуы тиіс - Н.Назарбаев

31.05.2016
ЕАЭО-ның біріктірілген нарығы Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстырушы буынға айналуы тиіс - Н.Назарбаев

Еуразиялық экономикалық одақтың біріктірілген нарығы Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстырушы буынға айналуға міндетті. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«ЕАЭО-ның біріктірілген нарығы Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстырушы буынға айналуға міндетті. Біздің одақ аясындағы тауарлар мен қызметтерді еркін ілгерілету қытай басшысы ұсынған «Жібек жолы» экономикалық белдеуі бастамасымен сәйкес келеді. Бұл жоба біздің елдеріміз үшін экономикалық пайда мен өзара мүдделестікті паш ететін ынтымақтастық салаларын өзіне қамтуды көздеп отыр», - деді Елбасы.

ҚР Президенті Қазақстанда «Нұрлы жол» бағдарламасы қолға алынғаны, оның аясында инфрақұрылымдық нысандарды алу және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Олар - «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізі, «Қазақстан-Түркіменстан-Иран-Парсы шығанағы» темір жолы сынды жобалар. Қытайда, Тынық мұхитында қазақстандық логистикалық терминал Лянюньганда жұмыс істеп тұр. Каспий жағалауында жаңа теңіз портының құрылысы жүргізілуде. Осылайша, Қазақстан ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы осынау көлік тармақтары арқылы өңіраралық ынтымақтастық үшін мығым тұғырнама қалыптастыруда»,- деді Н.Назарбаев.

Хабарламаларға жазылу