Қазақстан IMD экономикалардың бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 47-ші орында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан IMD экономикалардың бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 47-ші орында тұр

31.05.2016
Қазақстан IMD экономикалардың бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 47-ші орында тұр

Қазақстан IMD экономикалардың бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 47-ші орында тұр. Бұл туралы Халықаралық басқаруды дамыту институтының (International Institute for Management Development, IMD) есебінде айтылған.

Қазақстан 13 орыннан айырылып, 34-ші орыннан 47-ші орынға сырғыды.

Тізімнің жаңа нұсқасында бірінші орын Германияға, екінші орын Швейцарияға берілді. АҚШ үшінші орын алып отыр.

Ресей биылғы жылы позицияларын жақсартып, 45-ші орыннан 44-ші орынға жылжыды.

Рейтингте барлығы 61 ел ұсынылған, соңғы орында бұрынғыдай Венесуэла тұр. 

Хабарламаларға жазылу