Қала билігі астананың орталық көшелерінде 19 жылдан асқан ескі машиналардың жүруіне тыйым салатын қаулы шығарды, деп хабарлады Life.ru.
Париж билігі 1997 жылға дейінгі шығарылған машиналардың қала орталығында жұмыс күндері жүруіне тыйым салды. Сондай-ақ, астананың орталық бөлігінде 2000 жылға дейінгі мотоциклдердің де кіруіне болмайды. Le Monde басылымның хабарлауынша, мұндай шара Париж экологиясын едәуір жақсартуға мүмкіндік бермек.
Қаулы күші салмағы 3,5 тоннаға дейінгі бензинмен және дизельмен жүретін және коммерциялық машиналарға қатысты. Сөйтіп, тыйым салынған автомобильдер Париж автопаркі машиналарының 10 пайызын құрайды.
Жаңа ережелерді бұзған ескі көлік иелеріне ағымдағы жылы 35 еуро, ал 2017 жылдан бастап 68 еуро айыппұл салу көзделген. Қаулы 2016 жылғы 1 шілдеден күшіне енеді. Бұдан әрі Париж көшелеріндегі машиналардың экологияға сәйкестігі қатаңдытыла түсетін болады. Мәселен, 2020 жылдан бастап қала көшелерінде шығарылғанына 9 жылдан аспайтын көлік құралдарына ғана рұқсат етілмек.