Несие тарихы өзгермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несие тарихы өзгермейді

21.06.2016
Несие тарихы өзгермейді

Бірінші несиелік бюро қазақстандықтарды несие тарихын өзгертіп беремін дегендердің арбауына көнбеуге шақырады. Соңғы уақытта осы сипатта бірнеше дерек тіркелген. Дегенмен, несие тарихына өзгертулер енгізуге ешкімнің құқығы жоқ. Ол өзгертілмейді.

Белгіленген заң талаптарына сәйкес, ел төңірегіндегі кез келген банк әр тұтынушысының несиесі және оның төлену тарихы жөніндегі есепті осы орталыққа жіберіп отырады. Мұнда ақпарат 10 жылға дейін, яғни, мұрағатта жаңарту болғанға дейін сақталады.  

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу