![ҰБТ-ның бірінші күні: 2277 қазақстандық түлек 50 баллдан кем жинады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_61435.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҰБТ-ның алғашқы күні 2277 қазақстандық түлек 50 баллдық көрсеткішке жете алмады, төрт түлектің нәтижелері жойылды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
«Бірнеше рет тәртіп бұзу себебінен 4 түлек тестілеуге қатыстырылмады. Олардың нәтижелері жойылды. 8522 рұқсат етілмеген заттар қолданыстан алынды (2015 ж. - 7 712). 2277 түлек (12,6%) 50 балл көрсеткішіне жете алмады (2015 ж.- 3 478 - 18,4%), - деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, ҰБТ 44 пунктте өткізілді. Тестілеуге өтініш берген 18 599 түлектің 17 934-і қатысты (96,4%).
3834 түлек тестілеуде 100-ден жоғары балл жинады. Алматының 3 оқушысы рекордтық 125 балл жинады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҰБТ-ның бірінші күні: 2277 қазақстандық түлек 50 баллдан кем жинады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/110826/)