Премьер-Министрдің төрағалығымен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министрдің төрағалығымен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтуде

04.07.2016
Премьер-Министрдің төрағалығымен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтуде

Астанада Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің төртінші отырысы өтуде.

Аталған Кеңес Елбасының Жарлығымен «Қазақстан-2050» стратегиясын және 2013 жылы қабылданған «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыру мақсатында құрылған болатын.

Кеңеске мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мүше. Кеңес Қазақстанның орнықты дамуға және «жасыл экономикаға» көшуінің басым бағыттары бойынша сектораралық диалогты ұйымдастыру үшін бірегей алаң.

Бүгінгі кеңестің тақырыбы 2015 жылдың желтоқсанында Париж қаласындағы климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ Негіздемелік конвенциясына тараптардың 21-конференцияда қабылдаған Париж климаттық келісімін іске асыру мәселесіне арналып отыр.

2016 жылғы 29 маусымдағы жағдай бойынша Париж келісіміне әлемнің  178 мемлекеті қол қойған, оның ішінде 19 ел БҰҰ депозитарийінде ратификациялау құжаттарын ұсынған. Қазақстан Париж келісіміне қол қою рәсімдерін аяқтап қалды. Ал кеңес шеңберінде оны іске асыру тетіктері қаралатын болады.

 

Хабарламаларға жазылу