Түмен облысы құрылтайға дайындық үстінде. Құрылтай сенбі күні, 9 шілдеде Қазан ауданында өтеді, - деп хабарлайды t-i.ru.
Өңір басшысы Владимир Якушев - ұлттық мерекелердің белсенді қатысушысы.
«Бұл мерекенің тарихы терең. Ертеректе құрылтайға түрлі аймақтан, түрлі ру мен тайпадан жиналып, саяси және экономикалық мәселелерді талқылаған: кіммен тату, кіммен соғысу керек, хан сайлау, жайылымдық жерді бөлісу секілді шаруашылық мәселелер қаралған. Маңызды отырыстан кейін дастархан басына жиналып, аламан бәйге өткізіп, той-думан жасаған»,-дейді ұлттық-қоғамдық бірлестіктерді үйлестіру кеңесі президиумының мүшесі және «Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы» қоғамдық ұйымының президенті Есенғали Ибраев.
Бүгінде қазақтар үшін құрылтай маңызды мерекелердің бірі. Жыл сайын Түмен облысында үлкен құрылтай өтеді. 2015 жылы құрылтайды Есіл ұйымдастырды, оған 4 мыңдай халық жиналды. Биыл Қазан ауданына 85 жыл толғандықтан (Оның үстіне, аумақ Қазақстанмен шекарада орналасқан) құрылтай Қазан ауылында өтетін болды.
Жыл сайын Түмен құрылтайына Қазақстан өкілдері қатысады. Бізде солтүстікқазақстандық Қазақстан халқы Ассамблеясымен келісім жасалған. Олар да атсалысады.
Құрылтай 9 шілдеде Қазан ауылында өтеді, басталуы 11:00-де.