Әні: Е.Серікбаев
Сөзі: А.Шаяхметов
Күн сәулесі төгілгені – әдемі,
Кемпірқосақ керілгені – әдемі.
Көк шалғында асыр салып жүргенде,
Көк көбелек көрінеді – әдемі.
Жас шыбықтың бүр ашқаны – әдемі,
Алма ағаштың гүл ашқаны – әдемі.
Қариялар жол үстінде кездесіп,
Амандықты сұрасқаны – әдемі.
Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,
Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.
Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,
Қойды өріске айдағаны – әдемі.
Ақ ботаның үріккен кезі – әдемі,
Әжеміздің күлген көзі – әдемі.
Бәрінен де жасқа толған бөпемнің,
Тәй-тәй басып жүрген кезі – әдемі.
Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,
Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.
Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,
Қойды өріске айдағаны – әдемі.
Домбыраны баппен тартсаң – әдемі,
Шарықтата әнге салсаң – әдемі.
Ұлан-сыр думанды-той үстінде,
Құрбылармен ойнап-күлсең – әдемі.
Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,
Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.
Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,
Қойды өріске айдағаны – әдемі.