«Қазақстан» РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы аукцион өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы аукцион өткізеді

17.08.2016
«Қазақстан» РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы аукцион өткізеді

«Қазақстан» РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жылжымалы мүлік нысандарын сату бойынша аукцион өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Аукциондық сауда-саттық 2016 жылы 29 тамызда, сағат 11:00-де Петропавл қаласы, Брусиловский көшесі, 1 мекенжайы бойынша өтеді.

Аукцион өткізу формасы және әдісі: голланд әдісі.

Лот №1. Автокөлік ВАЗ 21070, 2005 жылы шығарылған мем.нөмірі «Т192ВЕ», қозғалтқыш көлемі 1500 см.куб., қозғалтқыш №8209523, шанақ №2240589.

Бастапқы бағасы: 159040 (бір жүз елу тоғыз мың қырық) теңге, ҚҚС қоса алғанда. Кепілдік жарна: 1591 (бір мың бес жүз тоқсан бір) теңге.

Саудаға белгіленген тәртіп бойынша тіркеуден өткен жеке тұлғалар, мемлекеттік емес заңды және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Саудаға қатысушы ретінде тіркелу үшін төмендегілерді өткізу қажет:

1. Ережеге сәйкес, форма бойынша саудаға қатысу туралы өтініш.

2. Жеке тұлғалар үшін: төлқұжат немесе жеке тұлғаның жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі, салық төлеуші жеке тұлға ретінде есепке алынғанын растайтын, салық органымен берілеген құжаттың көшірмесі, көрсетілген құжаттар түпнұсқасымен бірге салыстыру үшін ұсынылады немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері ұсынылады, сонымен қатар, ағымдағы есепшотының бар екендігін растайтын банк анықтамасының тұпнұсқасын тапсырады.

2. Заңды тұлғалар үшін: жарғының көшірмесі, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігі, салық төлеуші заңды тұлға ретінде еспке алынғанын растайтын, салық органымен берілеген құжаттың көшірмесі, көрсетілген құжаттар түпнұсқасымен бірге салыстыру үшін ұсынылады немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері ұсынылады, сонымен қатар, ағымдағы есепшотының бар екендігін растайтын банк анықтамасының тұпнұсқасын тапсырады.

3. Кепілдік жарна салынғанын растайтын төлем құжаттарының тұпнұсқасы мен көшірмелері сауда өткізіліп болған соң қатысушының келуі бойынша қайтарылады.

4. Заңды тұлға өкілінің құзыретін растайтын құжаттардың тұпнұсқалары, сондай-ақ,заңды тұлға өкілінің жеке басын растайтын төлқұжат пен жеке куәлігінің көшірмелері салыстырғаннан кейін қайтарылатын түпнұсқаларымен бірге ұсынылады немесе өкілінің жеке басын растайтын төлқұжат пен жеке куәлігінің нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.

Акционерлік қоғамдар иелігіндегі акциялары туралы ақпараттар көрсетілген (хабарлама жарияланған кезге) акционерлер реестрінен үзінді тұпнұсқасын тапсырады.

Аукционға қатысу үшін өтініштер ақпараттық хабарлама таратылған сәттен бастап, Петропавл қаласы, Брусиловский көшесі, 1 мекенжайы бойынша «Қазақстан-Петропавл» ғимаратының 1 қабатында, №17 бөлмеде қабылданады және аукцион басталғанға дейінгі бір сағатта аяқталады.

Кепілдік жарна есепшотқа салынады: KZ698560000000384326 КБЕ 17, СТН KCJBKZKX, БИН 980441003492 (Кепілдік жарна өлшеміне банктік қызмет төлемдері жатпайды).

Аукцион бойынша қосымша ақпараттарды төмендегі телефон нөмірі бойынша алуға болады: 8 (7152) 46-99-90.

Хабарламаларға жазылу