Республиканың оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысының кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, еліміздің солтүстігінде тұман түседі. Ал оңтүстік облыстарда шаң көтеріліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл болады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қостанай облыстарында өте қатты ыстық күтіледі. Сонымен қатар, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Дереккөз: egemen.kz