«Отбасында мейірімді жұп, ал, жұмыс орнында қатал да, жауапкершілікті терең сезінетін қызметкерлер». Ақтөбе қаласындағы ерлі-зайыпты полицейлер Серік пен Жұлдыз Сейдашевтарға әріптестері осылай баға береді. Қос капитан өз істеріне адалдығымен және нәтижелі еңбектерімен өзгелерге үлгі-өнеге болып келеді.
Сейдашевтардың отбасы туралы толығырақ бүгін 17:30-да «KazNews» жаңалықтарынан Жақсыбек Кемалдың сюжетінен біле аласыздар.