Кездесу барысында заманауи әдебиеттің ахуалы мен перспективалары, сондай-ақ қоғамдық дамудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚР Президентінің ресми сайты.
Мемлекет басшысы жазушының және барша әдебиет өкілдерінің оқырманды мәдени әрі рухани байыту жолында сіңірген елеулі еңбегіне назар аударып, жұмысына жаңа табыс тіледі.
Л.Млечин өзінің соңғы туындылары мен алдағы шығармашылық жоспарлары туралы айтты.