Кездесу Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Катар Мемлекетіне өткен жылғы сапары барысында қол қойылған келісімдердегі уағдаластықтарды орындау аясында өтті, деп хабарлады Pm.kz.
Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерімен қатар, жоғары деңгейдегі сапар барысында банк және инвестициялық салалар сынды екіжақты маңызды қарым-қатынастар бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді.
Атап айтқанда, ҚР Ұлттық банкі және КМ Орталық банкі, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі және Катар қаржы орталығы арасында меморандумдарға қол қойылды.
ҚР Премьер-Министрінің Катардың Орталық банкі төрағасымен кездесуі барысында банк саласындағы, оның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығы желісі бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.