Техаста 82 жастағы Рене Нейра мен оның 18 жастағы немересі Мелани Салазар бір колледжге оқуға түсіп, БАҚ пен әлеуметтік желінің жұлдыздарына айналды, деп жазады lenta.ru.
Мелани 24 тамыз күні өзінің Twitter-аккаунтындағы оқырмандарына атасымен бірге оқитынын хабарлаған. «Мен өзімнің атамды мақтан тұтамын!», - деп жазған өзінің постында. Бұл твит аз уақытта мыңдаған лайк пен репостқа ие болды. «80 дегенің - жаңа екі 40!» - деп жазды қолданушылардың бірі.
ҚазАқпарат