Академик Бурденко атындағы нейрохирургия институтының дәрігерлері қазір Өзбекстан Президенті Ислам Каримовке консультациялық-дәрігерлік көмек көрсетуде.
«Біздің мамандар қазір Өзбекстанда Президент Ислам Каримовке консультациялық-дәрігерлік көмек көрсетіп жатқанын нақты айта аламын»,-деді агенттік өкілі.
Бұған дейін РФ вице-премьері Ольга Голодец Ресей мен Өзбекстан арасында Ислам Каримовке медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін келісім барын айтқан еді. Алайда, Ташкент мұндай себеппен Мәскеуге ресми түрде хабарласқан емес.
Айта кету керек, Өзбекстанның ресми бұқаралық ақпарат құралдары республикалық министрлер кабинетінің «78 жастағы Президент Ислам Каримов стационарлық ем қабылдап жатыр», деген мәлімдемесін таратқан болатын. Кейіннен Президенттің қызы Лола Каримова-Тилляева әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының жансақтау бөлімінде жатқанын, қазір жағдайы бірқалыпты екенін жазды.
interfax.ru