Қазақстандық аграрлар заманауи технологияларды қолдануды үйренбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық аграрлар заманауи технологияларды қолдануды үйренбек

10.09.2016
Қазақстандық аграрлар заманауи технологияларды қолдануды үйренбек

Мемлекет фермерлерді даярлау мәселесінің сапасын арттыру жолында шара қолдануға кірісті. 2016 жылы он мыңдаған фермер  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоспарлаған семинарлар барысында агробизнес саласының негіздері және инновацияларымен танысатын болады.

Биыл жалпы саны 217 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушіге 700 семинар өткізу жоспарда бар. Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен»   ұлттық кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібі департамент директорының орынбасары Дінмұхамед Әбсаттаров мәлім етті.

им

«Аталмыш бағдарлама бойынша жұмыстар наурыз айында басталған. 100-ден астам отандық және шетелдік сарапшы-мамандар  фермерлер үшін тегін семинарлар өткізбек ниетте. Семинарда заманауи әдістер мен технологиялар туралы теориялық сабақтармен қатар, жаңа технологияларды қолдануға қатысты тәжірибелер де үйретілмек»,-деді ол.

Айта кету керек, бүгінде 400-дей семинар өткізілген.  Бағдарлама аясында 121 шаруашылық (оның ішінде 70 өсімдік шаруашылығы және 142 мал шаруашылығы)  қамтылған.  

kazpravda.kz

Хабарламаларға жазылу