Министр Дәурен Абаев «Қазпоштаның» интернет дүкені арқылы  домбыра сатып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр Дәурен Абаев «Қазпоштаның» интернет дүкені арқылы  домбыра сатып алды

21.09.2016
Министр Дәурен Абаев «Қазпоштаның» интернет дүкені арқылы  домбыра сатып алды

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазпоштаның» Postmarket.kz интернет дүкені арқылы әріптесіне сыйлық ретінде домбыра сатып алды. Бұл туралы ол «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды.

«Қазпоштаның» электрондық коммерцияны қалалармен бірге ауылдық елді мекендерде де дамытуға арналған www.postmarket.kz қызметін пайдаланудың сәті түсті. Сайттың «Қазақстанда жасалған» бөлімінен әріптесіме деп арнайы іздеген мынадай тамаша сыйлықты таптым», делінген жазбада.

Еске сала кетсек, ұлттық пошта операторының рostmarket.kz - бұл тапсырыс бойынша таңдалған тауарды қысқа мерзімде, ұтымды баға бойынша еліміздің кез келген елді мекеніне жеткізіп беру қызметі. 

Хабарламаларға жазылу