29-шы қыркүйекте «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында Ескендір Хасанғалиевтің концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

29-шы қыркүйекте «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында Ескендір Хасанғалиевтің концерті өтеді

28.09.2016
29-шы қыркүйекте «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында Ескендір Хасанғалиевтің концерті өтеді

29 қыркүйекте «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында «Қазмедиа» орталығында Қазақстанның Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің концерті өтеді.

Кеш қонақтары: Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі Майра Мұхамедқызы және Біржан Хасанғалиев.

Кешті Тәуекел Мүсілім мен Ерке Есмахан жүргізеді.

Осы орайда kaztrk.kz порталы әдеттегідей көрермендер арасында тегін  билеттер ойнатады.

Байқауға концерт баннерін өз парақшасында орналастыру немесе бөлісу арқылы «Instagram» әлеуметтік желісінің кез-келген пайдаланушысы қатыса алады.

Ол үшін kaztrk.kz аккаунтында жарияланған суреттің астына «Байқауға қатысамын» деген пікір қалдыруыңыз қажет. Ал, өз парақшаңыздағы жазбада @kaztrk_kz аккаунты мен  #СәлемҚазақстан хэштегін көрсету міндетті.

Талапты толық орындаған әрбір қатысушыға жеке нөмірден беріледі. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады.

Концерттің басталуы: 19:00-де. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Хабарламаларға жазылу