Қазiргi уақытта ата-аналардың тек 10-12 пайызы мектептегi жиналысқа қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазiргi уақытта ата-аналардың тек 10-12 пайызы мектептегi жиналысқа қатысады

05.10.2016
Қазiргi уақытта ата-аналардың тек 10-12 пайызы мектептегi жиналысқа қатысады

Бүгiн қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесi талқыланған Үкiметтiң отырысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Еңбек кодексiн қатаң ұстанып, ата-аналарды жұмыстан уақытында жiберудi ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегi рөлi және жауапкершiлiгi төмендеп кеттi. Ата-аналар үнемi жұмыста болғандықтан, бала тәрбиесiмен айналысуға уақыты болмайды. Оның iшiнде мемлекеттiк қызметкерлер де көп. Қазiргi уақытта ата-аналардың тек 10-12 пайызы мектептегi жиналысқа қатысады. Бiздiң есебiмiз бойынша, ата-аналардың 50 пайызы 11 жылдың iшiнде мектепке келмейдi»,-деп алаңдаушылық танытты Е.Сағадиев.

Министрдiң айтуынша, ата-аналарды сағат алтыдан кейiн үйлерiне, бала-шағасына уақытында жiберу практикасын бастау қажет.

«Ата-аналардың жұмыста үнемi кешiгуiнiң әлеуметтiк бағасы жоғары, салдарынан балалар зардап шегедi»,-дейдi ол.

«Еңбек кодексiн қатаң ұстанып, ата-атаналарды үйге ертерек жiберу керек. Мұны мемлекеттiк органдардан бастаған жөн»,-деді министр.

Хабарламаларға жазылу