EXPO-2017 көрмесі кезінде 9 мыңнан астам полиция қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 көрмесі кезінде 9 мыңнан астам полиция қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

05.10.2016
EXPO-2017 көрмесі кезінде 9 мыңнан астам полиция қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

EXPO-2017 көрмесі кезінде 9 мыңнан астам полиция мен әскери қызметші қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

Оның айтуынша, Алматыда өтетін Универсиада кезінде 5,5 мың құқық қорғаушы қоғамдық тәртіпті жіті қадағалайтын болады.

«Өздеріңіз білетіндей, келесі жылы EXPO-2017 мен Бүкіләлемдік универсиада сынды ірі шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тура келеді. Осыған орай, министрлік тарапынан қазіргі уақытта ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілуде. Көрме кезінде шамамен 9 мың, ал Универсиада нысандарында 5,5 мыңнан астам қызметкер мен әскери қызметші тартылады»,-деді Қ.Қасымов.

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі өз қызметкерлеріне ағылшын тілін үйретіп, арнайы дайындық сабақтарынан өткізуде. Халықаралық шаралар өтетін нысандарда қазіргі уақытта өткізу режимі енгізілген және тексеру шаралары қолға алынған.

«Осынау халықаралық шараларға дайындық және оны өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өзге де кешенді шаралар жүзеге асырылуда»,-деді министр.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу