Шілденің бірі күні Индустрияландыру бағдарламасының биылғы алты айдағы жұмысы қорытындыланады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін телекөпірде бірқатар жаңа жоба іске қосылады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлы мәлімдеді. Оның сөзінше, телекөпір барысында соны түзетулер енгізілген индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асыру жайы да таныстырылады.
Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ