13 қазан, бейсенбі, 2016 жыл
Табиғи апаттар қауіптілігін азайту бойынша халықаралық күні
Алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылдың 22 желтоқсанындағы резолюциясына сәйкес Табиғи апаттар қауіптілігін азайту халықаралық күні ретінде мерекеленді.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
87 жыл бұрын (1929) Солтүстік Қазақстан радиохабары алғашқы рет эфирге шықты. Бүгінде облыстық радио бағдарламасын «Қазақстан телекоммуникациялары» (КАТЕЛКО) компаниясының спутникті байланысы арқылы облыстың барлық аудандары, сонымен қатар көрші Ресей облыстарының шекарадағы аудандары қабылдайды.
21 жыл бұрын (1995) Қазақстанда Диабет ассоциациясы құрылды. Ол 1996 жылы 176 ел біріккен Халықаралық диабет федерациясының құрамына кірді.
12 жыл бұрын (2004) Павлодарда «Ертістің ақын-жыраулары» кітабы жарық көрді.
ЕСІМДЕР
117 жыл бұрын (1899-1984) композитор, дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Михаил Михайлович ИВАНОВ-СОКОЛЬСКИЙ дүниеге келді.
101 жыл бұрын (1915-1994) режиссер, педагог, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Асқар (Әлиасқар) ТОҚПАНОВ дүниеге келді.
78 жыл бұрын (1938-1996) композитор, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Әсет Көпбайұлы БЕЙСЕУОВ дүниеге келді.
73 жыл бұрын (1943) жазушы, Сарысу ауданының құрметті азаматы Пернебай ДҮЙСЕНБИН дүниеге келді.
66 жыл бұрын (1949) пианист, Қазақстанның Халық әртісі, халықаралық конкурстар мен фестивальдерінің лауреаты Гүлжамила Ықсанқызы ҚАДЫРБЕКОВА дүниеге келді.
53 жыл бұрын (1963) ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Әбдірұлы САҒЫНТАЕВ дүниеге келді.
41 жыл бұрын (1975) «КТК» АҚ телеарнасының бас директоры Қанат САХАРИЯНОВ дүниеге келді.
91 жыл бұрын (1925-2013) Ұлыбританияның 1979-1990 жылдардағы премьер-министрі Маргарет ТЭТЧЕР дүниеге келді.