Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысынан кейін депутат Дариға Назарбаева журналистерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды kazpravda.kz.
«Қазіргі кезде Президенттің денсаулығы айтарлықтай жақсарды», -деді Д.Назарбаева.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың салқын тиіп, сырқаттанып қалуына байланысты емделіп жатқанын хабарлаған еді. Осыған байланысты Мемлекет басшысының жақын арадағы халықаралық іс-шараларға қатысуы шегерілді.