ҚР ҰЭМ облыс орталықтары мен ірі қалаларды сумен қамту саласында МЖӘ қағидаттарын қолдануды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР ҰЭМ облыс орталықтары мен ірі қалаларды сумен қамту саласында МЖӘ қағидаттарын қолдануды ұсынды

18.10.2016
ҚР ҰЭМ облыс орталықтары мен ірі қалаларды сумен қамту саласында МЖӘ қағидаттарын қолдануды ұсынды

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысы кезінде облыс орталықтары мен ірі қалаларды сумен қамту саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидатын енгізуді ұсынды. 

«Облыс орталықтары мен ірі қалаларды сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін аймақтық су арналарын бірыңғай операторға беруді қарастыру ұсынылады, бұл оператор тәжірибелі әрі білімді техникалық серіктесімен бірлесіп басқаруды жүзеге асырады. Сондай-ақ, «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» Заңмен қарастырылған тетіктері арқылы шығындары өтелетін, инвестициялық мүмкіндіктері бар жекеменшік серіктесті тартуды жөн санаймыз», - деп хабарлады Қ. Бишімбаев.

Министрдің айтуынша, жекелеген су арнасының ерекшеліктеріне орай инвестициялық шығындарды қайтарудың тиімді тетігін әзірлеу қажет, соның ішінде тариф арқылы төлеу, инвестициялық шығындарды тікелей өтеу және мемлекет көмекқаржысы арқылы өтеу.

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу