Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығы артпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығы артпақ

18.10.2016
Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығы артпақ

17 қазан күні Женева кантоны Экономика және қауіпсіздік министрі Пьер Модэнің басшылығымен швейцариялық бизнес-делегацияның Астанаға сапары басталды.

Министр Модэ  Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Примьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминмен, Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен, Инвестициялар және даму министрлігі, сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, «НҰХ «Бәйтерек» АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің», «Сауда саясатын дамыту орталығы», «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР іскерлік орта өкілдерімен кездесті.

Швейцария делегациясының құрамына Женева кантонының 30-дан астам компаниясы кіреді. Олар: Herculis Partners SA, Swiss Medical Network, GJASD International, Steeve Ray, SICPA SA, Global Contractors, Geneva Petroleum Consultants Intl., Cantonal Bank of Geneva және т.б.

Келіссөздер барысында сауда, білім, ғылым, медицина, туризм, құрылыс, архитектура және қаржы саласына қатысты мәселелер қозғалды. Негізгі басымдық отандық экономиканың перспективалы секторларына инвестиция және жаңа технологияларды  тарту мен швейцариялық компаниялардың «Астана» Халықаралық қаржы орталығының жұмысына қатысуына берілді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «алаңында» екі ел іскерлік орталарының B2B кездесулері өтті. Кездесулер барысында Қазақстанның ішкісауда палатасы  Швейцария – Ресей/ТМД Сауда палатасымен және Женева кантоны Сауда палатасымен өзара түсіністік жөніндегі 2 меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, ҚР Қауіпсіздік кеңесі мен ҚР Ішкі істер министрлігінде тараптар өзара тәжірибе алмасып, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді талқыға салды.

Кездесулер нәтижесінде Модэ екіжақты әріптестіктің әлі де талай қыры ашылмағанын атап өтті. Ол сондай-ақ, екі елдің алға қойған мақсаттарына жету жолында мұндай кездесулердің тиімдігі зор екенін айтты.

Бүгін бизнес-делегация жұмысын одан әрі жалғастырады және EXPO-2017 көрмесінің Комиссарымен, Астана әкімдігі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басшылығымен келіссөздер жүргізеді.

Айта кету керек, 19-21 қазан аралығында швейцариялық іскер топ өкілдері Алматыға барып, әкімдік және жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізеді.

Швейцариядағы Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметі

Хабарламаларға жазылу