![«Балапан news»-тің жаңалықтарында: «Қазмедиа» орталығында балалар арасында «Жайдарлы Жас Ұлан» сайысы өтті (ВИДЕО, ФОТО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_11179.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Балапан news» жаңалықтарынан көретіндеріңіз:
- Тараз қаласында жас өнерпаз Думан Марат жеке ән кешін өткізді;
- Астана қаласындағы «Қазмедиа» орталығында балалар арасында «Жайдарлы Жас Ұлан» сайысы өтті;
- Қызылордалық балалар желтоқсан айында басталатын мәнерлеп сырғанаудан республикалық сайысқа қызу дайындалуда;
- Ақтөбеде балалар арасында таеквондодан IV турнир ұйымдастырылды;
- Алматылық жас спортшылар жапониялық бапкерлерден дәріс алды.
Толығырақ бүгін 19:30-да «Балапан» телеарнасының тікелей эфиріне шығатын «Балапан news» жаңалықтарынан көре аласыздар.
Айта кетейік, «Балапан news» - әр жұма сайын «Балапан» телеарнасында тікелей эфирге шығатын жаңалықтар топтамасы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Балапан news»-тің жаңалықтарында: «Қазмедиа» орталығында балалар арасында «Жайдарлы Жас Ұлан» сайысы өтті (ВИДЕО, ФОТО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/111721/)