«Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында Астанада Тамара Асардың концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында Астанада Тамара Асардың концерті өтеді

28.10.2016
«Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында Астанада Тамара Асардың концерті өтеді

2 қарашада «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында Астанадағы «Қазмедиа» орталығында белгілі әнші Тамара Асардың концерті өтеді. Кеш қонақтары - «Ханзада» тобы және Олжас Рымбаев.

Осыған орай kaztrk.kz порталы әдеттегідей көрермендер арасында тегін билеттер ойнатады.

Байқауға концерт баннерін өз парақшасында орналастыру немесе бөлісу арқылы «Instagram» әлеуметтік желісінің кез келген пайдаланушысы қатыса алады.

Ол үшін kaztrk.kz аккаунтында жарияланған суреттің астына «Байқауға қатысамын» деген пікір қалдыруыңыз қажет. Ал, өз парақшаңыздағы жазбада @kaztrk_kz аккаунты мен  #СәлемҚазақстан хэштегін көрсету міндетті.

Талапты толық орындаған әрбір қатысушыға жеке нөмірден беріледі. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады.

Концерттің басталуы: 19:00-де. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Хабарламаларға жазылу