Ілияс Омаров, Қуаныш Манатов, Ислам Алтайбаев үштігі сахнаға екінші болып шығып, «Қарағым-ай» (К.Дүйсекеев/Ш.Сариев) әнін орындады.
Ілияс Омаровқа тәлімгерлер бірауыздан дауыс берді. Ал, Қуаныш Манатовқа Алтынбек Қоразбаев: «Қуаныш жоғары ноталарды өте жақсы алады. Осы үштікке Қуаныштың дауысы арқау болғандай сезілді», деген пікір білдірді.
Үшінші үміткер Ислам Алтайбаев жобаны аяқтады.