ҚР Президенті судьяларды билердің тәжірибесіне жүгінуге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Президенті судьяларды билердің тәжірибесіне жүгінуге шақырды

21.11.2016
ҚР Президенті судьяларды билердің тәжірибесіне жүгінуге шақырды

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев судьяларға бұрынғы билердің тәжірибесін үйренуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Бәріміз білеміз, біздің елде бидің қызметінде келіспеген адамдарды келістіруде, табыстыруда елеулі рөл атқарды. Осы жайында оқып, танып жүрміз. Төле би, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билердің, Бұқар жыраудың айтқандарын оқып отырсаңыздар, билер сөзбен екі жақты жақындастырып, сөзге тоқтаған қазақ, бір сөзбен келісімге келіп, айыппұлын төлеп, дауды шешкен. Негізіне келетін болсақ, содан бері соншалықты ештеңе өзгерген жоқ», - деп атап өтті Президент.

Осы ретте Елбасы ең басты қағида әділдікте тұрғанын,  «тура биде туған жоқ» екенін қадап айтты.

«Дегенмен де, елді тәртіпке үйрету керек. Мемлекет соттарды қолдау керек, судьяларды қорғауы қажет. Өз кезегінде судьялар  жұмыстарын жақсылап атқаруы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.


inform.kz

Хабарламаларға жазылу