Бүкіләлемдік бокс ұйымы спортшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.
Бірінші орта салмақта (69,9 келіге дейін) шығатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам WBO тізімінде 6-орын алып, ТОП-15 қатарына енді.
Ұйым чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес, ал, 1-ші америкалық Деметриус Андраде болды. Одан бөлек, Қанат Ислам IBF бойынша 15-ші, WBA бойынша алтыншы орында тұр.