ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Дулыға Ақмолда «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасында қонақта.
Дулыға Ақмолда - үш қыздың әкесі. «Үшеуі де өнерге жақын және бұл қадамдарына қарсы емеспін», дейді актер. Ол «Мамандық таңдауда балаға тыйым салудың қажеті жоқ», деген пікірде. Ал өзінің актерлық жолды таңдауына ағасы ықпал еткен.