89  жыл бұрын (1927-1993)  сазгер  Ғазиза Жұбанова дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

89  жыл бұрын (1927-1993)  сазгер  Ғазиза Жұбанова дүниеге келді

02.12.2016
89  жыл бұрын (1927-1993)  сазгер  Ғазиза Жұбанова дүниеге келді

2 желтоқсан, жұма, 2016 жыл

Бүгін - «Құлдықты жою үшін күрес» халықаралық күні

БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен атап өтіледі. 1949 жылғы желтоқсанның 2-інде БҰҰ БА 4-ші сессиясы адам сату және үшінші тұлғаны жезөкшелікке пайдаланумен күрес туралы конвенция қабылдады.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

24 жыл бұрын (1992) Мәскеуде Халықаралық инженерлік академияның жалпы жиналысы өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев аталған академияның академигі болып сайланды.

11 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақстандағы алғашқы пиротехникалық өнімдерді сынақтан өткізу орталығының таныстырылымы болды.

11 жыл бұрын (2005) Алматыда қоқысты қайта өңдеуге арналған сынақ алаңы ашылды. Өзге алаңдармен салыстырғанда шағын полигон тәуліктік сақтау камераларымен, торлы столдар мен қалдықтарға арналған бункермен жарақтандырылған. Алаң 300 шаршы метр аймақты алып жатыр. Ол демеушілердің есебінен салынып, құны 4 миллион теңгені құрады. 

9 жыл бұрын (2007) Алматыда орыс тілінде жазылған тарихи роман «Сақтар» кітабының қайта басылып шыққандығына байланысты салтанатты шара өтті. Болат Жандарбеков (1932-1991) тарихшы, жазушы, көптеген әңгімелердің авторы, ғалым, теледидар мен кино режиссері болған. «Сақтар» атты тарихи кітап ішіндегі «Томирис» және «Ширактың ерлігі» деген атпен оқушы қауымға белгілі. Кітапты көркемдеуші - суретші Дана Мұқанова-Хуршудян. 

8 жыл бұрын (2008) Астанада Мәдениет пен діндердің халықаралық орталығы ашылды.

8 жыл бұрын (2008) Алматыда «САГА» баспасында Серікбол Қондыбайдың «Арғықазақ мифологиясы» атты кітабы басып шығарылды.

7 жыл бұрын (2009) Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көтеруге бағытталған «Парыз» конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.

7 жыл бұрын (2009) Қарағандыда өрт құрбаны болған өрт сөндірушілерге ескерткіш ашылды.

 

ЕСІМДЕР

89  жыл бұрын (1927-1993) - сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ғазиза Ахметқызы ЖҰБАНОВА дүниеге келді.

орьроб

87 жыл бұрын (1929-1994) жазушы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Қаратай ҚҰТТЫБАЕВ дүниеге келді.

бвкыенркегн

76 жыл бұрын (1940-2005) ақын, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері Тоқтарбек ҚЫЗЫҚБАЙ дүниеге келді.

апхэзх\

67 жыл бұрын (1949) спортшы, еркін күрестен спорт шебері Жұмабек Әубәкірұлы ЖАРҚЫНБАЕВ дүниеге келді.

93 жыл бұрын (1923-1977) грек және американ әншісі, ХХ ғасырдың көрнекті опера әншілерінің бірі Мария КАЛЛАС (Сесилия София Анна Мария Калогеропулос) дүниеге келді.

бпрлгшбдгш

70 жыл бұрын (1946-1997) итальяндық модельер Джанни ВЕРСАЧЕ дүниеге келді.        

оюолюолюол

Хабарламаларға жазылу