Бүгін - Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні

02.12.2016
Бүгін - Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні

Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні

1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер онжылдығының (1983-1992) аяқталуына орай желтоқсанның 3-ін мүгедектер күні деп жариялады. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні туғанынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасайды.


ЕСТЕ ҚАЛАЛАР ОҚИҒАЛАР

12 жыл бұрын (2004) Қостанайда ұлттық қазақша күрестің облыстық федерациясы құрылды.

8 жыл бұрын (2008) Қарағандыда Сәкен Сейфуллинге ескерткіш орнатылды. Қола ескерткіш С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының жаңа ғимаратының алдында орнатылған.

4 жыл бұрын (2012) Түрік Республикасында Түркияның ірі провинцияларының бірі Невшехире орталығында «Қазақстан» саябағы ашылды.

 

ЕСІМДЕР

108 жыл бұрын (1908-1993) жазушы  Омарбай МАЛҚАРОВ  дүниеге келген.

106 жыл бұрын (1910-1975) аудармашы Мұхтар ЖАНҒАЛИН  дүниеге келді.

102 жыл бұрын (1914-1979) Қазақ КСР Білім беру үздігі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Калям БАЙНАЗАРОВ дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1943) әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі  Қанат Нұрмұхаметұлы ОМАРБАЕВ  дүниеге келді.

68 жыл бұрын (1948) суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Шәміл ҚОЖАХАНОВ  дүниеге келді.

68 жыл бұрын (1948) Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы  Ғазиза ӘБДІНӘБИЕВА  дүниеге келді.

221 жыл бұрын 1795-1879) қазіргі поштаны жасаушы Роулэнд ХИЛЛ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу