Бүгін Жалпыұлттық телекөпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысындағы бекіре балығы мен оның уылдырығын өндіретін кешен жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Мына кешенде бекіре балығы мен оның қара уылдырығын өндіреміз. Бұл казіргі заманғы талаптарға сай тұйықталған судағы өндіріс. Балық шабағының өсуіне ерекше жағдай жасалған. Бекіре уылдырығы жаңа тәсілмен алынады және өңделеді. Өнім халықаралық дәрежеде сертификатталып, экспортқа шығарылады.
Құрметті Президент! Біздегі өнімділік балықты ашық айдындарда өсірген шаруашылықтарға қарағанда 4 есе артық. Мұны сізге мақтанышпен айта аламыз!», - деді Батыс Қазақстан облысынан байланысқа шыққан «Аквамәдениеттерді тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісі оқу-ғылыми кешені» ЖШС-ның акционері Қайрат Мамиев.
«Біз қазір міне, бекіре балықтарын өсірудеміз. Одан уылдырық алудамыз. Ол жақсы, керекті өндіріс саналады», - деді Назарбаев өз кезегінде.
inform.kz