Ауа райының бұзылуынан 6 облыста жолдар жабылды. ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, 19 желтоқсаннан көліктің барлық түрлері үшін Астана қаласынан шығатын барлық бағыттар жабық.
Ақмола облысында Астана-Петропавл, Астана-Щучинск автожолының бөлігі барлық көлік үшін жабылды. Сондай-ақ, Екатеринбор-Алматы күре жолының 1247-917-ші шақырым аралығы, Екатеринбор-Алматы күре жолының 917-856-шы шақырымы аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген.