Сәулетшілердің қателіктері салдарынан сәтсіз шыққан нысандар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәулетшілердің қателіктері салдарынан сәтсіз шыққан нысандар (ВИДЕО)

23.12.2016
Сәулетшілердің қателіктері салдарынан сәтсіз шыққан нысандар (ВИДЕО)

Сәулетшілердің қателіктері мен инженерлердің жаңылысы туралы сөз қозғағанда, қабырғаға апарып тірелген баспалдақ пен төбеге орнатылған розетка көзге бірден елестейді. Алайда, бұл мысалдар ең қисынсыз жағдайлар емес.

Венецияда көпір көп. Десек те, олардың бірі тарихта архитектуралық қателіктің мысалы ретінде қалған. «Конституция» көпірі заманауи үлгіде тұрғызылған бетон мен әйнектен жасалған. Оның негізгі мақсаты - темір жол вокзалы мен автобус станциясы арасын жалғау еді. Барлығы саяхатшыларға жайлылық тудыру үшін жасалған. Бірақ, құрылысшылардың ойлағаны толықтай жүзеге аспады.

Көпірдің шамамен, 30 пайызы сатыдан тұратындықтан, дөңгелекті чемоданды сүйреп өту туристерге қиындық тудыруда. Ал, басты кедергі жауын-шашын, қар, тұманды күндері  көпірдің үсті өте тайғақ.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу