Нұрсұлтан Назарбаевқа Ресейде «Жыл адамы» сыйлығы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаевқа Ресейде «Жыл адамы» сыйлығы берілді

23.12.2016
Нұрсұлтан Назарбаевқа Ресейде «Жыл адамы» сыйлығы берілді

Орыс биографиялық институты халықаралық саясатта табыстарға қол жеткізіп, ЕАЭО нығайтқаны үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «Жыл адамы» деп атады.

«Жыл адамы - 2016» Халықаралық жүлдесін табыстаудың салтанатты рәсімі 21 желтоқсан күні өтті. «Жыл адамы - 2016» сыйлығының номинациялары әдеттегідей саясат пен халықаралық қатынастар, өндіріс пен медицина, мәдениет пен дін, ғылым мен білім секілді барлық салаларды қамтыды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев (халықаралық саясатта табыстарға қол жеткізіп, ЕАЭО-ны нығайтқаны үшін), ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин (Ресей мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті және жоғары деңгейдегі саяси диалог пен тиімді ынтымақтастықты  дамытқаны үшін), Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастро (Әлем тарихына өлшеусіз үлес қосқаны үшін), «Клуб Россия» қоғамдық ұйымының президенті, Чехиялық-ресейлік іскерлік кеңесінің ұйымдастырушысы және бірінші вице-президенті Збытек Зденек (Чехия мен Ресейдің іскерлік және мәдени байланысын нығайтқаны үшін) «Халықаралық қатынастар» номинациясы бойынша лауреаттар атанды.

Сонымен бірге, лауреаттар арасында академик Владимир Фортов - әлемге танымал дарынды физик, Лео Бокерия - РФ Денсаулық сақтау министрлігінің бас кардиохирургы, жазушы Александр Звягинцев Нюрнберг процесі туралы фильмі үшін және «28 панфиловшы» көркем фильмінің авторлары бар.

Фильмнің түсіріліміне үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Қазақстанның мемлекет қайраткері, «Қазақстандықтар Мәскеуді қорғауда» кітабының авторы Тайыр Мансұровтың есімі аталды.

Сыйлықты Орыс биографиялық институты Экономикалық стратегиялар институтымен бірігіп, 1993 жылы бекіткен. Жыл сайын номинанттар тізімі Жүлденің сарапшылар кеңесінің мүшелері мен өткен жылғы лауреаттар ұсынысы бойынша құрылады. 

inform.kz 

Хабарламаларға жазылу