«Әйел бақыты» бағдарламасы ұйымдастырған «Алтын ене, құтты келін» сайысының жеңімпазы Биғайша апай бүгін де студияда қонақта болып, қыздарға ақыл-кеңес берді.
«Жұмыстан қысқарып қалып, келесі жұмысты күтіп үйде бос жататын жастар болады. Қыздар, белгілі бір азаматқа тұрмысқа шаққаннан кейін, оны қалай да бос жатқызбауға тырысыңдар. Бос жүрістің соңы жақсылыққа апармайды. Жалқаулықтан өз өмірің бұзылады. Ал, бір бұзылған дүниені қайта қалпына келтіру қиын»,-дейді Биғайша пай.