157 жыл бұрын Абай шығармаларын ел арасына таратушы Мүрсейіт Бікеұлы  дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

157 жыл бұрын Абай шығармаларын ел арасына таратушы Мүрсейіт Бікеұлы  дүниеге келді

06.01.2017
157 жыл бұрын Абай шығармаларын ел арасына таратушы Мүрсейіт Бікеұлы  дүниеге келді

12 жыл бұрын (2005) Қазақстанда «КАДА» Қазақ дизайн, сәулет және жобалық iстер қауымдастығы құрылды.

Оның мақсаты - дизайнерлік, сәулеттiк, жобалық, шығармашылық-өндiрiстiк ұйымдарды біріктіру, олардың қоғам өмiрiнде әлеуметтiк рөлiн күшейту және құрылыс-жобалық істердің мәдениетiн жоғарылату.

11 жыл бұрын (2006) «Фото. Телерадио» республикалық журналының алғашқы саны жарық көрді. Басылым Қазақстанның мемлекеттік саясаты, телерадио хабарлары мен киноның өзіндік ерекшеліктері, мәдениет саласындағы оқиғалар және тағы басқа салалардағы жаңалықтарға әуес оқырмандарға арналған. Басылым 5 мың данамен айына 1 рет жарық көреді.

7 жыл бұрын (2010) Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан Журналистер клубы құрылды.

Клубтың құрамына жергілікті телерадиокомпаниялардың, радио мен газеттердің өкілдері кірді. Олар - этносаралық қатынастар тақырыптарын зерттейтін, Ассамблея мен этномәдени бірлестіктер жүргізіп жатқан жұмыстар жайлы қоғамды хабардар етіп отыратын тілшілер.

157 жыл бұрын (1860-1917) Абайдың шығармаларын жинап, өз қолымен көшіріп, ел арасына таратушы Мүрсейіт БІКЕҰЛЫ  дүниеге келді. Ол Семейде төрт жылдық орыс мектебін бітірді. Орыс, қазақ, араб әдебиетімен біршама таныс болды. Біраз жыл Семей оязының кеңсесінде тілмаш әрі писарь болып жұмыс істеді. Ел ішінде мектеп ашып, бала оқытады. Кейін ұлы ақынның әдеби хатшысы болған.

88 жыл бұрын (1929-2006) философия ғылымдарының докторы, профессор  Ораз Аманғалиұлы СЕГІЗБАЕВ дүниеге келді.

46 жыл бұрын (1971) Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі Талғат Пердебекұлы КҮЗЕМБАЕВ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу