Бақытжан Сағынтаев Шахан кентіндегі апатты жағдай салдарын жою барысы жөнінде уәкілетті органдарды тыңдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытжан Сағынтаев Шахан кентіндегі апатты жағдай салдарын жою барысы жөнінде уәкілетті органдарды тыңдады

07.01.2017
Бақытжан Сағынтаев Шахан кентіндегі апатты жағдай салдарын жою барысы жөнінде уәкілетті органдарды тыңдады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шахан кентіндегі апатты жағдай салдарын жою барысы жөнінде уәкілетті органдарды тыңдады.

Ішкі істер министрі Қ. Қасымов пен Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков Үкімет басшысына төтенше жағдай салдарын жою бойынша шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы, сонымен қатар, апаттан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туысқандарына көмек көрсету шаралары жөнінде есеп берді.

Премьер-Министр Ішкі істер министрі мен облыс әкіміне Шахан кентіндегі жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Еске сала кетейік, 1 қаңтар күні кешке Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің бір бөлігінің опырылып құлағаны анықталды. Апат нәтижесінде 9 адам қаза тауып, екі адам түрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда апаттан құтқару жұмыстары мен опырындыны ашу жұмыстары аяқталды.

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу