Қазақстандағы шағын және орта бизнес туралы апталық танымдық тележурналға байқау жарияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы шағын және орта бизнес туралы апталық танымдық тележурналға байқау жарияланады

09.01.2017
Қазақстандағы шағын және орта бизнес туралы апталық танымдық тележурналға байқау жарияланады

«Қазақстан» РТРК» АҚ тележобаларды таңдауды екі кезеңдік тәртіп бойынша өткізетіндігін хабарлайды.

Өтінімдер 9-20 қаңтар аралығында  Астана қ., Қонаев көш., 4, «Қазақстан»  телеарнасы (14 қабат) мекенжайы бойынша немесе rtrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы  қабылданады.

Жанрлық бағыты: Қазақстандағы шағын және орта бизнес туралы апталық танымдық тележурнал. Ұзақтығы - 15 минут.

Жобаның негізгі бағыттары: Еңбекқорлығының арқасында өз ісін алға сүйреген шағын және орта бизнес өкілдерінің тарихы. Қазақстандағы жетекші кәсіпкерлердің тәжірибесі насихатталуы қажет.  Бағдарлама арқылы көрермен шағын және орта бизнес туралы жаңалықтардан, іс-шаралардан,  еліміздегі бизнеске деген мемлекеттік қолдаулардан хабардар болуы тиіс. Сонымен қатар, табысты бизнес жүргізу үшін кәсіпкердерден тәжірибелік кеңестер берілуі шарт.  Жоба  динамикалы және онда графикалық дизайн қолданылғаны жөн.   

Жобаның техникалық талаптары: Байқауға power point форматында мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған слайдтар немесе бес минуттық бейнероликтер қабылданады. Онда бағдарламаның ұзақтығы, шығу мерзімі, мақсаты мен міндеті, құрылымы толық жазылуы керек. Сонымен қатар, бағдарламаның синопсисі немесе жобаның сценарлық жобасы тапсырылады.

Қатысушы мынадай біліктілік талаптарына сай болуы тиіс: жоғары кәсіби қасиеттер, тәжірибелік дағды;  түрлі жанрдағы телевизиялық жобаларды құру ерекшеліктері; жұмыс процесін басқару тәжірибесі. Қатысушы бұған дейінгі жобалары қамтылған портфолиосын ұсынуы қажет.

Өзге ақпарат: жоба мүмкіндігінше демеушінің қатысуымен болғаны жөн. Эфирлік уақытты телеарна өз жауапкершілігіне алады.

Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55-33-32 телефон нөмірі арқылы немесе rtrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы білуге болады.

Хабарламаларға жазылу