104 жыл бұрын «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

104 жыл бұрын «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді

02.02.2017
104 жыл бұрын «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді

2 ақпан, бейсенбі, 2017 жыл

Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күні

Ақпанның 2-інде Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күні атап өтіледі. 1971 жылғы ақпанның 2-інде Рамсар қаласында (Иран) Сулы-сазды жерлер конвенциясына қол қойылды. 1997 жылы дәл осы күні Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күні жарияланды. Бұл оқиға әр түрлі елдердегі қоғам мен үкіметтерінің назарын жер шарының тұрақты дамуын қолдауға пайдалы сулы-сазды жерлердің құндылығына аударуға шақырады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

104 жыл бұрын (1913 жылғы ақпанның 2-нен 1918 жылғы қыркүйектің 26-ына дейін) Орынборда араб әрпімен қазақ тілінде «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

18 жыл бұрын (1999) «Астана» радиосы өз жұмысын бастады.

9 жыл бұрын (2008) Прагада әйгілі жазушы Мұхтар Мағауиннің қазақ тіліндегі «Жармақ» деп аталатын жаңа романы басылып шықты.

ЕСІМДЕР

89 жыл бұрын (1928-2006) драматург, аудармашы, Махамбет сыйлығының иегері ҚОРҚЫТОВ Берік дүниеге келді.

79 жыл бұрын жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЫСҚАҚБАЙ Марал дүниеге келді.

77 жыл бұрын (1940) ғалым-әдебиеттанушы, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының кандидаты МАҒАУИН Мұхтар Мұқанұлы дүниеге келді.

187 жыл бұрын (1829-1884) неміс зоологы, саяхатшы БРЕМ Альфред (Адольф) Эдмунд дүниеге келді.

115 жыл бұрын (1901-1987) ХХ ғасырдағы америкалық скрипкашы Яша ХЕЙФЕЦ (Иосиф Рувимович Хейфец) дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу