4 ақпан - Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

4 ақпан - Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні

03.02.2017
4 ақпан - Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні

4 ақпан, сенбі, 2017 жыл

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні

«Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі одақ» (Қатерлі ісікке қарсы одақ - UICC) жариялаған. Бұл халықаралық күннің мақсаты - қатерлі ісіктің қазіргі өркениеттің ең қауіпті ауруының бірі екендігі туралы хабардарлықты арттыру, осы кеселдің алдын алуға, анықтауға және емдеуге назар аудару. Қатерлі ісік бүкіл әлемде өлімге әкеліп соғатын кесел саналады.

Халықаралық зорлыққа қарсы күрес күні

Бұл күн 1985 жылдан бері аталып келеді. Адамды азаптаудың түрлері сан алуан.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

163 жыл бұрын (1854) Верный бекінісінің негізі қаланды. 1867 жылы бекініс қала мәртебесін иеленді. 1921 жылы қаланың аты Алматы деп өзгертілді. 1929 жылдан бастап бұл қала Қазақстанның астанасы болды. Верныйда 1897 жылы алғаш жүргізілген халық санағы бойынша 22,7 мың адам тұратын болса, 1978 жылы 910 мыңға жеткен. Ал 1982 жылы Алматы қаласы КСРО бойынша тұрғындар саны 1 миллионға жеткен 22-ші қала ретінде тіркелді.

87 жыл бұрын (1930) Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі құрылды.

84 жыл бұрын (1933) орыс тілінде шығатын «Дружные ребята» республикалық апталық балалар газетінің алғашқы саны «Пионер Казахстана» деген атпен жарық көрді.

ЕСІМДЕР

108 жыл бұрын (1909-1998) ақын, драматург, әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессор, қоғам қайраткері,  Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ТӘЖІБАЕВ Әбділда дүниеге келді.

89 жыл бұрын (1928-1998) тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының, Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының, Педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері МҰСТАФИН Тілеміс Тілеуғабылұлы дүниеге келді.

88 жыл бұрын (1929) химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ә.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының құрметті директоры, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЖҰБАНОВ Болат Ахметұлы дүниеге келді.

74 жыл бұрын (1943-2014) кинорежиссер, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ҚАСЫМБЕКОВ Қанымбек дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу