«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның телевизиялық жобалар бойынша жариялаған байқауының алғашқы кезеңі қорытындыланды.
Келіп түскен жұмыстар бойынша Сараптама тобы әр бағыттан төрт жобаға дейін қабылдап алды. Байқау 2017 жылдың 9-20 қаңтары аралығында 5 бағыт бойынша жарияланғанын естеріңізге саламыз.
Іріктеу нәтижесі бойынша келесі ұсынушылар аудиовизуалдық туындыны әзірлеуге қойылатын «Қазақстан» РТРК» АҚ талаптарына сәйкес деп танылды:
Жанрлық бағыты: апталық отбасылық жоба, ұзақтығы 60 минут
1. «Ask Media» («Отбасылық дода»)
2. «ТМ продакшн» ЖШС («Өнерлі отбасы)
3. «Парасат production» ЖШС («Мәртебелім», «Өнегелі отбасы», «Жұлдызды шаңырақ»)
Жанрлық бағыты: апталық, демалыс күнге арналған ойын-сауықтық жоба, ұзақтығы 60-80 минут
1. «Айгүл Иманбаеваның продюсерлік орталығы («Айттым ғой...»)
2. «Серпін» продюсерлік орталығы («Satty Day»)
3. «Аружан и Компания» продюсерлік орталығы («Алтын жебе» жас таланттардың ашық байқауы)
4. «Adam Media Group» («Поющие професий» «Canada Sings» лицензиялық жобасы)
Жанрлық бағыты: апталық әлеуметтік тележурнал, ұзақтығы 15 минут
1. «Adel Production» («Бір кем дүние»)
2. «Аружан и Компания» продюсерлік орталығы («Асар» телевизиялық ақпараттық-әлеуметтік бағдарламасы)
Жанрлық бағыты: еліміздегі аграрлық сектор туралы апталық танымдық тележурнал, ұзақтығы 15 минут
1. «Magic Wood» ЖШС («Кәсіп пен нәсіп»)
2. «Image Production» («Я – фермер»)
3. «Апорт» ЖШС («Кең дала»)
Жанрлық бағыты: шағын және орта бизнес туралы ақпараттық танымдық тележурнал, ұзақтығы 15 минут
1. «Good Company Production» («Кейс метод. Бизнес по-казахски»)
2. «Стратегиялық коммуникациялар» медиа агенттігі («Тең мүмкіндіктер мекені»)
Байқауға атсалысқан барлық мамандарға алғыс білдереміз! Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55-33-32 телефон нөмірі арқылы білуге болады.
Апталық отбасылық жоба
Аграрлық сектор
Шағын және орта бизнес
Апталық әлеуметтік тележурнал
Демалыс күнге арналған